«Қазақстандағы сайлау үдерісі: халықаралық сайлау стандарттары мен ЕҚЫҰ міндеттемелерінің тұрғысынан шақырулар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел отырысы өткізіледі

ТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, 9 қыркүйекте «Пекин Палас Солакс Отель Астана» қонақ үйінде «Қазақстандағы сайлау үдерісі: халықаралық сайлау стандарттары мен ЕҚЫҰ міндеттемелерінің тұрғысынан шақырулар мен перспективалар» атты дөңгелек үстел отырысы өткізіледі.

Оны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мен ҚР СІМ бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Іс-шараның шеңберінде демократиялық сайлау өткізу принциптері мен шарттары және сайлау үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ сарапшылары ҚР Президентінің сайлауды байқау миссиясының қорытынды есебін береді.

Аталған іс-шараға ҚР Парламенті депутаттары, саяси партиялар, үкімет, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысатыны жоспарлауда.