Қазақстандағы сайлаудан үлкен әсер алдық - неміс дипломаты Бертольд фон Плетц

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сайлау үдерісінен үлкен әсер алдық, деп атап өтті Қазақстандағы президенттік сайлауға Германиядан келген байқаушы, дипломат Бертольд Ханс-Фридрих фон Плетц.

«Біз осында халықаралық байқаушылар ретінде бірнеше күн бойы жұмыс жасап келеміз. Біз бірқатар кездесулер өткіздік. Сайлау учаскелеріне бас сұқтық және ол жерден үлкен әсер алып қайттық», - деді ол Астанадағы брифингте.

Өз кезегінде, Германиядан келген басқа бақылаушы Бундестаг депутаты Карин Штренс, қай сайлауға барсақ та, сайлаушылардың көп санын көрдік деп отыр.

«Біз Көкшетауда болдық. Түске дейін сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді деп естідік. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Германияда, мысалы, мұндайды көру қиын», - деді ол.