Кездесуде Қ.Тұрғанқұлов латвиялық әріптестерін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі жұмыспен таныстырды.
Талқылау барысында кездесуге қатысушылар сайлау науқанының партиялық тізімдерді ұсынуға және тіркеуге, сайлауалды үгітті жүргізу шарттарына, дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау және сайлауды қорытындылау тәртібіне қатысты жекелеген сәттеріне, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутатты сайлау ерекшеліктеріне тоқталды.
А.Цимдарс шақыруға және сайлау науқанының барысына толық шолу үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан байқаушылар өкілеттіктерін әділ және алаламай жүзеге асыратындарын атап өтті. «Біздің көзқарасымызша, сайлауға дайындық тыныш және іскерлік жағдайда өтуде», - деді ол.
Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов Цимдарсқа қазақстандық сайлауға танытқан шынайы қызығушылығына және сайлау процесін одан әрі жетілдіру саласында пікір және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ризашылығын білдірді.