«Қазақстандағы болған уақытымда сайлауға дайындық бойынша ешқандай кемшілік байқамадым. Барлығы нақты уақытымен ұйымдастырылған түрде атқарылды. Осы орайда ұйымдастырушылық деңгей өте жоғары деп айта аламын»,-деді ол тілшілерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, ТМД байқаушылары миссиясы өзінің жұмысын таңғы 5:30-да бастайды. Атап айтқанда, олар Астанадағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап шығатын болады. Игорь Зуга байқаушылар учаскелерді өз еркімен таңдағанын және оларға ешкім де шектеу қоймағанын атап өтті. «Қазақстандағы сайлау - ол нөмір бірінші жаңалық. Менің ойымша, сайлауда дауыс беру белсенділігі жоғары болмақ»,-деді ол.