15:32, 20 Қараша 2013
Қазақстандағы сот өндірісі әзірше негізсіз созылып, немқұрайлылық орын алған - Н.Назарбаев
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы сот өндірісі әзірше негізсіз созылып, немқұрайлылық орын алған. Бұл туралы бүгін ҚР Судьяларының VI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстандағы сот өндірісі әзірше негізсіз созылып, немқұрайлылық орын алған. Сот әділдігін атқару тәртібі, ережесі жүйелі жаңғыртуды қажет етеді. Біз мұны айтамыз, оны күн сайын, жыл сайын істеп те жатырмыз. Дегенмен бұл жұмыстарды жалғастыру қажет», - деді Елбасы. Сонымен қатар Мемлекет басшысы сот өндірісінде ақпараттық технологиялар барынша жеткілікті қолданылып отырмағандығын да баса айтты. «Сіздерді БАҚ-пен арада туындаған бұл проблемалар судьялар мен қызметкерлердің қабылданған шешімдері туралы, өздерінің қызметтері туралы нашар ақпарат бергендігінен туындауда»,- деді Н.Назарбаев.