Қазақстандағы су ресурстарының жүйесіне аудит жүргізіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Үкімет су ресурстарының толық аудитін жүргізу тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сумен қаматамасыз ету мен су тарту мәселесі ерекше назараударуды қажет етеді. Біз су ресурстарына, су шаруашылығы құрылыстарын толық көлемде паспорттаудыешқашан жүргізбеппіз. Үкіметте осындай нысандардың нақты саны мен жағдайыбойынша мәлімет жоқ. Жекеменшік су шаруашылығы нысандарын есепке алу тиістідеңгейде жүргізілмеуде. Сондықтан Үкіметке жыл соңына дейін су ресурстарыныңжәне сумен қамтамасыз етудегі барлық инфрақұрылымының ирригация жүйесіне толықаудит жүргізуді тапсырамын», - деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл өз кезегінде саладағыжағдайды толық бағалауға жол ашады.

«Оның негізінде Үкімет пен әкімдіктерге аталған нысандардыжөндеу мен жаңғырту, оның ішінде айналымға жаңа суармалы егістіктерді енгізу бойынша нақты шараларды әзірлеуміндеті тұр», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар