Ведомствоның хабарлауынша, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында еліміздегі тарихи жәдегерлерді түгендеу бойынша ауқымды шаралар жүргізілген. Республикалық және жергілікті маңыздағы мәдени мұралардың тізімі жасалған. Қазіргі уақытта елімізде 218 республикалық маңыздағы және 11 277 жергілікті маңыздағы жәдігерлер бар. «Қазақстанның алты облысы (Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе) және Алматы қаласы бойынша 7 энциклопедиялық анықтамалықтар әзірленіп, баспадан шығарылды», делінген хабарламада.
18:40, 27 Қазан 2014
Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді сақтауға жылына 700 млн. теңге бөлінеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы тарихи мәдени ескерткіштерді сақтауға, оларды қайта қалпына келтіріп, жөндеуге жылына 700 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сауалына ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер комитеті мәлім етті.