Қазақстандағы татулық пен бірлікке қызыға қарайтындар көп, бұл - біздің үлкен жетістігіміз - И.Сауэр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы татулық пен бірлікке қызыға қарайтындар көп. Бұл, әрине, біздің үлкен жетістігіміз. Бұл туралы республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде «Родина» ЖШС агрофирмасының бас директоры Иван Сауэр өз пікірін білдірді.

Еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қарап отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсетуімен тура жолда келе жатқанымызды білеміз. Мұны бәрі де мойындайды. Бұл біздің мақтаныш сезімімізді тудырады.

Отанымызда қолға алынған, жүзеге асқан ірі жобалар мол. Солардың арасында мен үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Осы құрылымның ел өміріндегі орны халық тарапынан оң бағасын алуда. Бұған қоса айтарым, 2015 жыл Ассамблея жылы деп жарияланды. Меніңше, бұл жыл ел тарихында алтын әріппен жазылып қалады.

Бұған қосарым, Ассамблея біздің қоғамымызда жоғары маңызға ие. Өйткені, ол ел бірлігін нығайту мақсатында құрылған. Аталған институттың қандай жұмыс атқарып отырғанын халық біледі. Сондықтан да ол қоғамымызда жоғары бағалануда.

Қазақстандағы татулық пен бірлікке қызыға қарайтындар көп. Бұл, әрине, біздің үлкен жетістігіміз. Әлемде болып жатқан түрлі оқиғаларға қарап, еліміздегі мамыражай тіршілікке разы боласың. Осы орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.