«Темір жол саласында қазіргі таңда 33 мың әйел жұмыс атқарады. Олар жолаушыларды ең алдымен пойыздар мен билет кассаларында қарсы алады. Кассир немесе жолсерік болып еңбек етеді. Тіпті жолсеріктердің бір кездері әйелдерді босандырып алған кездері де болған», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, компаниядан хабарланғандай, ерлермен қатарлас, нәзік жандар радиобайланыстың электромонтері және электромеханик, монтер немесе жол бригадирі, темір жол станцияларының бастығы болып та қызмет етіп жүр.
«Бұның бәрі де - жоғары дәрежелі күрделі мамандықтар. Теміржолшылардың ішінде көпбалалы аналар да баршылық», - деп хабарлады ҚТЖ» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметінен.