Бұл туралы бүгін Астанада әуежай мәселелеріне арналған ИАТА конференциясында ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов мәлім етті.
«Жыл соңына дейін Тараз қаласындағы әуежайдың жолаушылар терминалын қайта жұмысы аяқталатын болады, сондай-ақ Қызылорда әуежайында жаңа жолаушылар терминалының құрылысы мәселесі қарастырылуда»,-деді комитет басшысы.
Оның айтуынша, бұл жобалар мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері арқылы жүзеге асырылады.