АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін, Отан қорғаушы күнінде «Отар» 40-ыншы әскери базасында ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жауынгерлік парад барысында
Каспий теңізіндегі "Казақстан" ракеталық-артиллериялық кеменің ұрыс жүргізу тәсілдері тікелей монитордан көрсетілді.
Онда шартты теңіз нысанынан 20 шақырым қашықтықта жауынгерлік кемелер шоғырландырылды. Оны жою үшін «Қазақстан» кемесінің ракеталық кешенінен соққы жасау шешімі қабылданды.
«Қазақстан» - бұл отандық кәсіпорында жасалған бірінші жауынгерлік кеме. Кеме заманауи іздеп табу, байланыс және навигация жүйесімен жабдықталған.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.