Туризм мерекесінің алғашқы күні «Көшпелі туризмнің өзекті мәселелері, оны шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Атап өткен жөн, алдағы жылы туроператорлық компанияларға қойылатын талаптар күшейтіліп, банктік кепілдемелер жасалады. Сондай-ақ, 2015 жылы туристік өнімді сақтандыру тәжірибесін енгізу де қарастырылған.
Туризм күндері аясында, 25 қыркүйек күні ҚР ҰКП журналистерді Астана қаласынан 30 шақырым қашықтықта орналасқан «Балқарағай» демалыс орнында ұйымдастырылатын этно-шоуға шақырады. Оның барысында барысында қазақтың ұлттық тағамдары дайындалып, ұлттық ойындар өткізіледі.