Астанадағы түркиялықтар Түркия елшілігінде, ал Алматы және Ақтау қалаларында бас консулдықтарда дауыс беруде.
Түркияның Жоғары сайлау комиссиясының мәліметтерінше, Астанадағы Түркия елшілігіне 641, Алматыда - 2578, Ақтауда 348 сайлаушы тіркелген.
Дауыс беру 16-17 маусым күндері жергілікті уақыт бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.
Түркияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Невзат Уянык журналистерге берген сұхбатында дауыс беру процесіне дайындық аяқталғанын жеткізіп, дауыс беру процесін ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанның тиісті құрылымдарына алғыс білдірді.