«Елші мырза тұсау кесер рәсімінен кейін «сəбидің жолы ашық, өмірдегі қадамдары нық, дені сау, бақытты болсын!» деген тілегін білдірді», - делінген Орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
17:23, 11 Қаңтар 2018
Қазақстандағы Түркия елшісі қазақ салтымен сәбидің тұсауын кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Невзат Уянык мырза қазақстандық жас отбасының Асфандияр есімді сəбиінің тұсауын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астанадағы Юнус Эмре орталығына сілтеме жасап.