Қазақстандағы түрмелерде соңғы үш жылда 53 азаптау фактісі тіркелген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова Қазақстандағы түрмелерде соңғы 3 жылда 53 азаптау фактісі тіркелгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы үш жылдабарлық уақытша оқшаулағыштар мен түзеу мекемелерінде азаптауға қатысты 53 фактітіркелді. 13 жағдай қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тіркелсе, 33-і Ішкіістер органдарының мекемелерінде болған. Тағы 7-і басқа жағдайлар бойыншатіркелді», - деді Жанна Назарова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынақарағанда, кей жағдайда колония қызметкерлері өз жұмысының атқарылуы үшінсотталғандарды мәжбүрлеуге тырысқан.

«Жоғарыда аталғанстатистиканың алты фактісі – әкімшіліктің ерікті көмекшілерді пайдалануы болыпотыр. Яғни, бұл дегеніңіз сотталғандардың өзін басқа сотталғандарға қарсыпайдалану деген сөз. Осы факт бойынша алты адам сотталды», - деді ол.

Еске сала кетсек,бұған дейін ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Дархан Қанатбеков Қазақстанда түрмедегіадамдардың саны 100 мыңнан 29 мыңға азайғанын мәлім еткен болатын.

Айта кетерлігі, бұғандейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Алматы облысында болған оқиғаның бейнежазбасы қоғам наразылығын тудырды.

Ақыры, Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колония басшылығы жұмыстан кетті.

Соңғы жаңалықтар