деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ол Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті ғалымдарының ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша жарық көріп отыр. Ғалымдар ұлттық идея жөніндегі күрделі зерттеу жұмысын жүргізген болатын. Онда әлем мемлекеттерінің түрлі кезеңдегі ұлттық идеясы мен идеологиясы талданып, Қазақстанның барлық аймағына жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижесінің сараптамасы ұсынылды. Бұл еңбекте ұлттық идея проблемасының теориясы мен тәжірибесі көрсетіліп, ұсыныстардың қорытындысы жарияланған. Ол журналистерге, гуманитарлық факультеттің студенттеріне және саясаттану, тарих, философия, әлеуметтану, масс-медиа мәселелері қызықтыратын жалпы көпшілікке арналған.