«Уранға сұраныс артатынын, көптеген реактордың құрылысы жоспарланғанын ескерсек, «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы қол қусырып отырмайды. Біз кейінгі 10 жылдағы ең ірі өндіруші болып есептелеміз. Бізде экологиялық тұрғыда ең таза технология қолданылады – жерасты ұңғымасында шаю тәсілі», - деді Асқар Батырбаев.
Компания өкілі елдегі барланған уранның қоры туралы мәлімет келтірді.
«Қазақстанға әлемдегі уранның 12 пайызы тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша ол әлемде екінші орында. Барланған уранның көлемі - 625 мың тонна, ал жалпы қор - шамамен 785 мың тоннадай. Қазіргі өндіріс қарқыны сақталса, бұл қор уран өндірісінің көлемін 2021 жылғы деңгейде 30 жыл бойы сақтап тұруға жетеді», - деп атап өтті «ҚазАтомӨнеркәсіп» өкілі.
Асқар Батырбаев Ресей Федерациясының Сочи қаласында өтіп жатқан «АТОМЭКСПО-2022» халықаралық форумында онлайн-көрсетілім арқылы сөз сөйледі.