Қазақстандағы негізгі әуе компаниялардың 56 әуе кемесінің орташа жасы 12,8 жылды көрсеткен. Атап айтқанда, Air Astana әуе компаниясының 31 ұшағының орташа жасы - 8 жыл. СКАТ компаниясының 13 ұшағының орташа жасы 17 жыл екені анықталса, Бек Air сапындағы 9 ұшақтың жасы 20 жыл екені белгілі болып отыр. Qazaq Air-дің 3 ұшағының орташа жасы - 3 жыл.
«Айта кетерлігі, шетелдегі авиақұрылымның қазіргі тәжірибесінде ортақ ресурстың шектелуінен тыс «Жағдайы бойынша пайдалану» жолы қабылданған. Қазіргі таңда құраушылар техникалық қызмет көрсетудің осы бағдарламасын жөн көріп отыр. Бұл ұшақтың құрылымдық жай-күйі мен агрегатты ғұмыр бойы бақылайды. Олқылықтар анықталған жағдайда жөндеу жұмыстарының аталған түрлері қолданылады», - делінген Комитеттің ресми сайтында.