Бағдарламаның іске қосылуына арналған шара барысында Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің басшысы Мағжан Мәдиев «Garage» және «C-Lab» стартап-бағдарламаларының қазіргі нәтижелерімен бөлісті.
«Аталған бағдарламалар аясында біз идея және прототип кезеңінде тұрған стартап-командалармен жұмыс жүргіземіз. «Garage» преакселерациялық бағдарламасына бізге 151 өтінім келіп түсті, олардың ішіндегі 43 жоба Demo Day-ге өткізілді. Ең басты талап жобаның ауқымын кеңейтуге болатындығымен байланысты. «C-lab» бағдарламасына 100-ден аса өтінім жіберілді. Бүгін қатысушылар алғаш рет корпорациялармен кездесіп отыр, ары қарай командалармен етене жұмыс жүргізіліп, ақпараттық сессиялар, жеке кеңес берулер өткізіледі, идеяны дамытып, оның прототипін жасайтын боламыз. Жазда жобаларды тестілеп, компаниялардың базасында іске қосқалы отырмыз», -деді Мәдиев.
«Garage» бағдарламасы аясында командалар өз стартабының идеясын тестілеп, ең кем дегенде жұмысқа жарайтын өнімді (MVP) жасап шығаруға, алғашқы клиенттерді тартып, өз жобаларын инвесторларға таныстыруға мүмкіндік алмақ.
Бүгін әрбір команда өз бизнес-жобасын таныстырады, ал кешке олардың ішіндегі үздіктері «Garage» стартап-инкубаторына қатысу үшін таңдалады. Осылайша ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер тәжірибелі тәлімгерлердің қол астында жобаны басқару, өнім жасау және маркетинг жөнінде тегін білімдергі игеруге мүмкіндік алады.
Стартап-жобаларды таныстырумен қатар, жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетті дамыту және отандық бизнесті халықаралық нарыққа шығару тақырыбына арналған екі панельдік сессия өтті.