«Көрші елдерге қарағанда, біздің жағдайымыз әлдеқайда жақсы. Шеруде көрсетілген заманауи техникалар оларда жоқ. Бірақ соғыс болмасын деген тілек бар. Қазір Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлап жатырмыз. Сол соғыста әкелеріміз, аталарымыз, бабаларымыз қан төкті, қаншасы оралмады. Елбасымыз бүгін біздің әскери дайындығымызды тағы бір паш етті. Бірақ дегенмен елде тыныштық болсын, соғыс бізге келмесін. Қазақстанда бейбітшілік туы желбірей берсін», - деді ол.
«Өзімнің әкем де соғыста өз елі үшін, халқы үшін соғысты. Екі рет ауыр жарақат алды. Бір жолы үстінен бомба түсіп, топырақпен басып та қалды. Курс шайқасында болған кісі. Жеңіс жарияланған кез ең бақытты кез еді, деп еске алатын жиі. Көп жауынгерлер енді елге оралмауы мүмкін екендігін білді. Сұрапыл ұрыстарда өлімге мойынсұнып, енді тірі қайтпаспын деп, соңғы сапарға шыққан кездері де болған. Дегенмен аман-есен ауылға оралып, қызмет істеп, 10 баланы тәрбиелеп, үлкен азамат етіп шығарды», - дейді Сейітжан Қойбақов.