Заңды тұлғалардың ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар кәсіпорындар - 345 мың 261 бірлік құраған. Ал жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 218 мың 30-ды құрады, оның ішінде 209 мың 291 бірлік шағын кәсіпорындар болып табылады.
«Тұтыну бағасының индексі 2015 жылғы маусымда азық-түлік тауарларға бағалар - 1,4 пайыз, азық-түлік емес тауарларына - 0,7 пайыз, халыққа арналған ақылы қызметтерге - 2,1 пайызға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2015 жылғы маусымда 2014 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,1 пайызға төмендеді. Ал әлеуметтік сектор бойынша 2015 жылғы маусымда а халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 63 мың 204 теңгені құрады, бұл 2014 жылғы мамырға қарағанда 2 пайызға жоғары», - делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, 2015 жылғы маусымда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 125 мың 35 теңгені құраған. Ал осы есепті кезеңде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,2 мың адамды құраған.
«Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 4,9 пайызды құраса, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны маусым айының соңына 59,9 мың адамды немесе экономикалық белсенді халық санына 0,7 пайызға тең болды», - делінген баспасөз баянында.