Қазақстандағы жанар-жағармай мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың сәуірінде Мәжілісте жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдау өтеді. Бүгін Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясы фракциясының отырысында, фракция жетекшісі, палата вице-спикері Дариға Назарбаева мәлім етті.

«Автокөліктер санының артуы өкінішке қарай, елімізде шығарылып отырған мұнай өнімдерінің мөлшеріне сәйкес келмейтіні байқалды. Салдарынан жанармай тапшылығы орын алды. Негізінен ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен толығымен қамтамасыз етуге бағытталады делінген Үкіметтің көптеген бағдарламалары тиімділігін танытқан емес», - деді фракция отырысын ашқан Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, сапасы төмен бензин өндірісі елдегі автопарктердің сұранысынан шықпай отыр. Бұл ретте вице-спикер отандық нарықты тіпті сапалы майлармен, авиакеросинмен, сондай-ақ мұнай мен газдың терең өңделген өнімдерімен қамту туралы әңгіме тіпті болмай отырғанын да тілге тиек етті. Ал қазақстандық үш мұнай өңдеу зауытының өнім өндірісі жылына 18-19 млн. тоннадан 13-14 млн. тоннаға дейін төмендеген.

«Осындай жағдайларды ескере келе, Мәжілістің жұмыс жоспарына 2015 жылдың сәуірінде парламенттік тыңдау өткізу енгізіліп отыр», - деді Д.Назарбаева.