Қазақстандағы жекеменшік компаниялар жұмысшыларға 1,7 млрд. теңге қарыз

ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазақстандағы жекеменшік компаниялар жұмысшыларға 1,7 млрд. теңге қарыз болып отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада «Әлеуметтік жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат» тақырыбындағы конференция аясында сұхбат берген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті.

Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінде осы мәселе бойынша жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізілуде. «Біздің негізгі міндетіміз - жұмысшылардың жалақы қарызын қайтару. Сондай-ақ біз осы мәселе бойынша белсенді түрде жұмыс істеп, жұмысшылардың жалақыларын көтеру бағытында келіссөздерді жалғастыратын боламыз», - дейді Г.Әбдіқалықова.