«Жалпы 2015 жылғы қаңтар-ақпанда республикамызда 156 мың 519 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 94,5 пайызға жоғары», - делінген баспасөз баянында.
Сонымен қатар, комитеттің деректеріне қарағанда, 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында тіркелген жеңіл автокөліктердің ең көбі - Алматы қаласына тиесілі - 18 мың 188 бірлік. Одан кейінгі орындарда Оңтүстік Қазақстан облысы - 17 мың 326, Алматы облысы - 15 мың 978 және Астана қаласы - 13 мың 176 бірлікті құрап отыр.