Жалпы, есепті кезеңде бәрінен де темір жол көлігінің жүк айналымы 11,4 пайызға артқанын көруге болады. Ал құбыр жүргізу көлігінде 9,4 пайыз, автокөлік жүк айналымында - 6,4 пайыз өсім байқалады. Жүк тасымалдау көлемі 1,838 млрд тоннаны құрады (өткен жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 6,4 пайызға артқан).
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында жолаушы айналымының көлемі 135,004 млрд жолаушы-шақырымды құрады (өсім - 5,5 пайыз). Автокөліктегі жолаушылар легі - 4,6 пайызға, темір жолда - 7,1 пайыз, әуедегі - 22,6 пайыз өсім көрсетті. Жарты жылда 11,12 млрд жолаушы тасымалданған.