Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
«Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына шаққанда 5,3% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2012 жылғы сәуірдің соңына 68,1 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8% болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4% құрады», - дейді Ә. Смайылов.