Оның айтуынша, қазіргі таңда 20,5 млн қазақстандықтың 13,1 миллионы табиғи газбен қамтылған.
– 2025 жылдың қорытындысы бойынша, 354 мыңнан астам адам тұратын 94 елді мекен табиғи газға қосылған. Осы кезеңде 2 мың шақырымнан астам газ құбыры салынып, 82 газбен жабдықтау жобасының құрылысы аяқталған. Ал 2026 жылғы 1 қаңтарда газдандыру деңгейі 64,2%-ға жеткен немесе 20,5 млн адамның 13,1 миллионы табиғи газға қол жеткізді, - деді спикер.
Сондай-ақ вице-министр газдандыру деңгейі ең жоғары өңірлерге тоқталып өтті.
– Газдандыру деңгейі республиканың батыс облыстарында, Жамбыл облысында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында 90%-дан асады. Ал Алматы, Қызылорда, Түркістан, Қостанай және Жетісу облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан 90%-ға дейінгі аралықты құрайды, - деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Сонымен бірге Қарағанды, Ақмола және Ұлытау облыстарында бұл көрсеткіш 60%-дан төмен деңгейде екенін жеткізді.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы республикалық бюджеттен газ тасымалдау жүйесін дамытуға бөлінген 27,3 млрд теңге есебінен газдандыру деңгейін 64,3%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Осы арқылы тағы 32 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді.
Айта кетейік, Астананы газдандыру биыл толық аяқталады.