– Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Осыдан 21 жыл бұрын Сыртқы істер министрлерінің «Орталық Азия Жапония» форматындағы алғашқы жиыны өткен еді. Оған Өзіңіз төрағалық еттіңіз. Бүгін, міне, «Орталық Азия Жапония» форматындағы мемлекет басшыларының кездесуіне Президент лауазымында қатысқалы отырсыз. Қазақстанды заң үстемдігіне негізделген еркін әрі ашық әлемдік тәртіпті нығайту ісінде стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін Сізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ниеттіміз, – деді Санаэ Такаичи.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстарды дамыту перспективасы егжей-тегжейлі талқыланды.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барды. Сонымен қатар Токиода жалпы құны 3,7 млрд доллардан асатын келісімдерге қол қойылады.
Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне ресми қабылдау өтті. Кейін Тоқаев Мейджи Джингу ғибадатханасын аралап көрді. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті және Жапония Парламентінің Қазақстанмен достық лигасы мүшелерімен кездесті.
Бүгін Жапония Премьер-министрінің офисінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.