Қазақстандық 14 жастағы теннисші Барселонадағы турнирде топ жарды

Фото: Фото: ҚТФ

ОРАЛ. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, 14 жастағы Мәриям Нұржан Барселонада өткен беделді Open Banc Sabadell U-14 Champion турнирінің чемпионы болды. 

Мәриям Нұржан финалда жергілікті спортшыны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Жеңімпазға жүлдені Барселона мэрі тапсырып, қазақстандық теннисшінің жеңіске деген жігерін атап көрсетті. 

Осы табысы нәтижесінде Мәриям тағы 8 мықты теннисшімен бірге биылғы сәуір айында Барселонада АТР 500 жарысымен бір мезгілде өтетін додада Қазақстан намысын қорғайтын болады.

Мәриям Нұржан 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe рейтингісінде 109-орында тұр. Осы кезге дейін Tennis Europe аясында өткен турнирлерде бір жекелей және екі рет жұптық сында жеңімпаз болды.

Қазақстандық теннисші Барселонада Next Level Tennis Team академиясында жаттығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Доха турнирінде Рыбакина мен Путинцева өнер көрсететінін жазған едік.

Сондай-ақ Юлия Путинцева әлемдік рейтингіде ТОП-20-ға қайта кірді.