Қазақстандық 4 оқушы халықаралық математикалық олимпиадада ел намысын қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның құрама командасы 2025 жылғы 13-19 сәуір аралығында Приштина (Косово) қаласында өтетін қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадаға (EGMO) қатысып жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Зияткерлік сайыста әлемнің 60 елінен 240 оқушы бақ сынайды. Қазақстан құрамасын Алматы қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 11-сынып оқушысы Арай Қасенова, Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Юлия Катунина, Алматы қаласындағы С. А. Ходжиков атындағы № 39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы Анар Дидарбекова және Аружан Қайрат таныстырады.
EGMO алғаш рет 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өткізілді. Қазақстан командасы олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақыт ішінде еліміздің құрамасы 3 алтын, 9 күміс, 11 қола медаль және 4 құрмет грамотасын жеңіп алған.
Айта кетелік алматылық оқушылар NASA байқауында жеңіске жеткен еді.