Қазақстандық 5 боксшы Futures Cup турнирінде алтынға таласады

Фото: Қазақстан бокс федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан Futures Cup халықаралық турнирде бүгін, 14 наурызда қазақстандық бес боксшы финалға шықты.

Ел құрамасынан күндізгі сессияда сегіз спортшы жартылай финалда жекпе-жек өткізді. Олардың 5-еуі жеңіске жетсе, 3-еуі қарсыласына есе жіберіп қойды.

Күндізгі сессия

3-жұп. 57 келі. А рингі. 1/2 финал. Ақнұр Тұрсынғали – Брижана Епперсон (АҚШ). Жекпе-жек үшінші раундта қазақстандық боксшының жеңілісімен тоқтатылды.

5-жұп. 70 келі. А рингі. 1/2 финал. Камила Оспанова – Марлей Макнили (АҚШ) 3:2

7-жұп. 75 келі. А рингі. 1/2 финал. Зарина Толыбай –Майсса Кермезиан (Франция) 0:5

7-жұп. 80 келі. В рингі. 1/2 финал. Айдана Убайдуллақызы – Зи Мей Анх Дам (Вьетнам). Қазақстандық боксшы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.

11-жұп. 60 келі. А рингі. 1/2 финал. Досжан Жұмақан – Давид Харутюниан (Франция) 4:1

12-жұп. 70 келі. А рингі. 1/2 финал. Бибарыс Әшірбай – Марован Жафри (Марокко) 5:0

13-жұп. 85 келі. В рингі. 1/2 финал. Нұрсұлтан Қыстаубай– Ангел Бланкарт Велазгес (АҚШ) 2:3

14-жұп. 90 келі. А рингі. 1/2 финал. Жалғас Утебеков – Энтони Пати (Самоа) 5:0.

Енді ел құрамасынан екі боксшы кешкі сессияда бақ сынайды.

Кешкі сессия. 15:00

4-жұп. 75 келі. В рингі. 1/2 финал. Хамза Мақсатұлы – Исмайл Оразмурадов (Түркіменстан)

5-жұп. 80 келі. А рингі. 1/2 финал.Тимур Тайбеков – Усман Капаров (Қырғызстан).

Беделді бәсеке 8-15 наурыз аралығында өтеді.