«Бүгінде министрлік «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы аясында ғалымдардың әлеуметтік деңгейін арттыруға ықпал ететін шараларды қабылдауда. Соның бірі – жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жыл сайын гранттар, оның ішінде жас ғалымдарға арналған гранттар бөлу», - делінген Kazinform агенттігінің Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолдаған сауал жауабында.
Сонымен қатар, министрлік пен «Отбасы банк» АҚ арасындағы 2023-2027 жылдарға арналған жас ғалымдарға арналған кредит беру бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде 80 жас ғалым баспана алған.