Қазақстандық 9 жасар футболшы Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болады
Қазақстандық 9 жасар Алдияр Мұқанов Түркияның «Бешикташ» клубында жаттығатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: "Ақжайық" футбол клубы
Бір жылдан бері «Ақжайық-2014» командасында жаттығатын Алдияр маусым айында Алматы қаласына барып, іріктеудің бірінші кезеңінен өткен.
Алдиярдың анасы Баянсұлу Мұқанованың айтуынша, елішілік іріктеуден өткен 6 бала Ыстанбұл қаласына барған. Онда іріктеуден екеуі өткен.
Фото: "Ақжайық" футбол клубы
Енді жас футболшы 11 қазанда Ыстанбұлға жол жүреді. Оның алғашқы бапкері Арыстан Култаев шәкіртінен үлкен үміт күтеді.
Қазіргі кезде Алдияр түрік тілін үйреніп жүр. Оның Түркиядағы барлық шығынын «Бешикташ» клубы өз мойнына алды.
Фото: "Ақжайық" футбол клубы
Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновтың командаласы атанған Алдиярды «Ақжайық» ФК директоры Манарбек Ержанов құттықтап, естелік сыйлық табыс етті.
Алдияр Ыстанбұлда бастапқы кезеңде нағашы әжесімен бірге тұрмақ.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).