Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионы атанды

Фото: Фото: Спортты дамыту дирекциясы

АСТАНА. KAZINFORM - Бахрейн астанасы – Манама қаласында қазақстандық Артем Антропов (102 келі) әлем чемпионы атанды.

Қазақстандықа уыр атлет қоссайыстың қорытындысымен 400 келі салмақты бағындырды. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

1.Артем Антропов - 400 келі (170+230)

2.Фарес Эль-Бах- 399 келі (174+225)

3.Маркос Руиз Веласко - 395 келі (183+212)

Жаһандық додаға еліміздің атынан 15 қазақстандық зілтемірші барды. 

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Алексей Чуркин күміс жүлдегер болды.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салды.