Қазақстандық ауыр атлет Қатарда екі рет рекорд орнатты
12:28, 24 Желтоқсан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қатарда өткен жасөспірімдер мен балалар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық ауыр атлет Құрманбек Ақжол әлемдік екі рекорд орнатты.
- Бүгін Қатарда спортшымыз бірден 2 әлемдік рекорд пен Азия рекордын жаңартты: екінші жаттығуда 175 кг көтеріп, қос сайыс қорытындысы бойынша 316 кг көрсеткішке қол жеткізді. Ақжол 3 алтын медаль жеңіп алып, 2024 жылғы Азия чемпионы атанды, - деп жазды Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан.
Айта кетейік, бұған дейін 2025 жылы Азия ойындарына қатысатын спортшылар белгілі болды.