Қазақстандық ауыр атлет қыздар Дохада 55 кг салмақта екі медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Қатар астанасы Доха қаласында біздің ауыр атлет қыздарымыз 55 кг салмақ дәрежесінде жасөспірімдер арасында екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Фото: ҚР Ауыр атлетика федерациясы

Дарья Балабаюк қоссайыстың жалпы есебінде 185 кг (83 кг серпе көтеру және 102 кг жұлқа көтеру) нәтижемен үш күміс медаль жеңіп алды .

Берікбол Нұрсила қоссайыстың жалпы есебінде 165 кг (72 93) нәтижемен қола медальға ие болды .

Халықаралық аренада табысты өнер көрсеткен спортшыларымызды құттықтаймыз!

Осыған дейін Қазақстанда ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтетінін хабарладық.