АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.
Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155 193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.
Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды — 344 (156 188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді — 335 (151 184) келі.
Еске салайық, қазақстандық ауыр атлет Ернұр Мырзахмет Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.