Таиланд астанасында өткен TikTok LIVE Community Fest 2026 Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінен 300-ден астам тікелей эфир авторының басын қосты. Биыл фестиваль «Be Part of the Win» (Жеңістің бір бөлігі бол) ұранымен үшінші рет ұйымдастырылды.
Фестиваль аясындағы TikTok LIVE Community Fest 2026 Awards марапаттау рәсімінде Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия елдерінің 30-дан астам креаторы шығармашылық жұмысы, аудиториямен байланысы және белсенді қауымдастық қалыптастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды.
Қазақстандық екі креатор марапат алды
Биылғы фестивальде марапаттар Legend, Platinum және Gold санаттары бойынша табысталды. Қазақстаннан екі автор негізгі санаттарда үздіктер қатарына енді.
Руслан Нуртазин (@omgdnss) ең жоғары Legend санатында марапатталған алты креатордың бірі болды. Автордың тікелей эфирлері әр елдегі көрермендерді біріктіріп, олардың өзара араласуына және мәдени байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Ал Сабина (@pipikoldiko) Gold сыйлығына ие болды. Ол тікелей эфирлерінде жазылушыларымен еркін әңгімелесіп, көрермендерді диалогқа тартады.
Қазақстандық авторлардың өңірлік фестивальде марапатталуы елдегі TikTok LIVE креаторларының халықаралық аудиторияға шыға бастағанын көрсетіп отыр.
Қазақстанда музыкалық тікелей эфирлер танымал
Қазақстандық TikTok LIVE авторлары арасында музыкалық бағыттағы креаторлар да көбейіп келеді.
Солардың бірі — Сухраб Курбанов (@suhrab_k). Ол тікелей эфирлерде ән айтып, көрермендерімен еркін қарым-қатынас орнатады.
Ал гитарист Иван Жуков (@mayduet) басқа музыканттармен бірлесіп эфир өткізіп, гитараны скрипка, виолончель және өзге де аспаптармен үйлестіреді.
Осылайша қазақстандық креаторлардың аудиториясы ел аумағымен шектелмей, шетелдік көрермендерді де қамтып келеді.
Қазақстанның музейлері де TikTok LIVE арқылы таныстырылды
Биыл Қазақстан TikTok LIVE Comes Alive жаһандық бағдарламасына қосылды. Оның аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Almaty Museum of Arts халықаралық аудиторияға таныстырылды.
Museums Come Alive науқаны мен #MuseumTok бастамасы аясында музейлер тікелей эфир арқылы мәдени мұра, өнер туындылары мен музей қорлары туралы интерактивті форматта ақпарат ұсынуға мүмкіндік алды.
Бұл тәжірибе TikTok LIVE-тың тек ойын-сауық немесе автор мен көрермен арасындағы әңгіме алаңы емес, мәдени және танымдық контентті халықаралық аудиторияға жеткізудің бір құралына айналып келе жатқанын көрсетеді.
Тікелей эфир жүргізетін авторлар саны 50%-дан астамға өсті
TikTok мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы алты айында Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азияда 95 миллионнан астам креатор тікелей эфир өткізген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50%-дан астам жоғары.
Олардың 40 миллионнан астамы TikTok LIVE-та алғаш рет эфирге шыққан. Платформа дерегіне сәйкес, жаңадан қосылған әрбір үшінші автор алғашқы 30 күн ішінде алғашқы сыйақысын алған.
TikTok LIVE-та ойын-сауықпен қатар саяхат, тарих, мәдениет және өнер тақырыбындағы эфирлер де дамып келеді. Мәселен, Таиландта платформа елдің Туризм басқармасымен бірге Сонгкран мерекесіне арналған тікелей эфирлер ұйымдастырса, Вьетнамда Beauty Vietnam жобасы арқылы елдің бірнеше өңірінің мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылған.
TikTok LIVE Community Fest 2026 қорытындысы Қазақстандағы тікелей эфир авторларының да осы өңірлік үрдістің бір бөлігіне айналып, халықаралық деңгейде таныла бастағанын көрсетті. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев смартфонды тек ойын-сауық құралы ретінде емес, табыс табу және кәсіп жүргізу үшін пайдалану қажет екенін айтқан еді.