Қазақстандық азамат Таиландта жол апатынан қаза тапты — БАҚ
АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Пхукет қаласында 1 сәуірде түн ортасында мотоцикл мінген шетелдік жол апатының құрбаны болды, деп хабарлайды Пхукет жаңалықтары.
Жергілікті басылымның хабарлауынша, Bypass Rd күре жолы бойындағы жол апатында қаза тапқан шетелдік мотоциклшінің Қазақстан азаматы екені анықталды. Қаза тапқан адамның жеке басын Vachira Phuket Hospital ауруханасы растады.
Куәгерлердің Facebook желісінде таратқан ақпаратына сәйкес, Honda Forza мінген мотоциклші қатты жылдамдықпен келе жатып, жарық бағанасына соғылған. Kusoldharm қорының құтқарушылары ұялы телефонының экранында орыс тілінде жазбалар тұрған соң бастапқыда оны Ресей азаматы болуы мүмкін деп шамалаған.
Бұған дейін Оңтүстік Кореяда жол апатынан Қазақстанның 4 азаматы мерт болғанын жазған болатынбыз.