Бюро мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы төрт айында елге 3 мың тонна балмұздақ импортталды. Сырттан жеткізілетін өнім нарықтың 15,4%-ын құраған. Балмұздақ ең көп Ресей (1,5 мың тонна), Қырғызстан (1 мың тонна) және Түркиядан (0,3 мың тонна) әкелінді.
Сонымен қатар Өзбекстан, Швейцария, Беларусь және Италия елдерінен де жеткізу тіркелді.
Аталған кезеңде балмұздақ экспорты 41,6%-ға өсіп, 4,3 мың тоннаға жетті. Қазақстандық балмұздақ негізінен ТМД елдеріне және Қытайға жөнелтілген.
Айта кетейік, Шымкентте тегін балмұздақ таратқан кәсіпкер қамауға алынады.