Қазақстандық балуан еркін күрестен әлем чемпионатында алтын жүлде алды
21:56, 18 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.
Жерлесіміз финалда Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты айқын басымдықпен жеңді.
Ал, Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, Қасымбек Едіге 125 кг салмақ дәрежесінде күресті. Ол «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының спортшысы. Оның бапкерлері аға жаттықтырушы Аслан Байғұлов, Еркебұлан Кешубаев.
Бұған дейін Жамбы атудан Азия чемпионатында қазақстандықтар үздік шыққанын жазғанбыз.