Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды.
— Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты. Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті. 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.
Бұған дейін хабарланғандай, Бекасыл Асамбек еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола алды.