Қазақстандық балуан U23 әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі
00:19, 22 Қазан 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Қазақстан жастар құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының финалына өтті.
ҚР ҰОК мәліметінше, қазақстандық балуан 97 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында Максим Аверинді (Ресей) 9-4 есебімен тізе бүктіріп, ақтық сынға жолдама алды.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Мамырбеков қарсыласының финалға шыққанына байланысты қола жүлде үшін күреседі.
Сондай-ақ Мерей Мәулетханов 72 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Аброр Атабаевқа (Өзбекстан) есе жіберді. Енді қола медаль үшін бақ сынайды.
Әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі жарияланғанын жазған болатынбыз.