АСТАНА. KAZINFORM – Испанияның Понтеведре қаласында күрес түрлерінен 20 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ислам Евлоев жеңімпаз атанды.
Қазақстандық балуан грек-рим күресінен 82 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. И.Евлоев финалда түркиялық Алперен Берберді 9:3 есебімен тізе бүктірді.
Тағы бір грек-рим күресінің шебері Юсуф Ашрапов 62 келіге дейінгі салмақта күмісті қанағат тұтты. Ол алтын үшін белдесуде ирандық Ахмадрез Нохсен Нижадқа есе жіберді. Сондай-ақ Оңдасын Хамитов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде жапониялық Кохаку Каназавадан 9:0 есебімен басым түсті.
Осылайша, аталмыш біріншілікте Қазақстан қоржынында қазіргі кезде бес медаль бар.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық балуандардың әлем чемпионатында қола жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).