Қазақстандық балуандар күрестен әскерилер арасындағы әлем чемпионатына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық балуандар 18-24 қараша аралығында Армения астанасы Ереванда өтетін күрес түрлерінен әскерилер арасындағы әлем біріншілігінде бақ сынайды.
37 әскери қызметкерлер арасында әлем чемпионатында қатысатын Қазақстан құрамасы тізімі:
Еркін күрес:
57 келі — Теміржанов Дәулет;
61 келі — Есенкелді Асылжан;
65 келі — Алиев Маийс;
70 келі — Әшіров Мейржан;
74 келі — Сейлбеков Нұрдәулет;
79 келі — Әжіқұл Нұрдәулет;
86 келі — Мырзагалиев Рүстем;
92 келі — Дурсунов Самир;
97 келі — Куруглиев Камиль.
Әйелдер күресі:
50 келі — Анкичева Светлана;
55 келі — Седнева Марина;
72 келі — Бақбергенова Жәмила;
76 келі — Еркебаева Гүлмарал.
Грек-рим күресі:
55 келі — Құрбаев Исхар;
60 келі — Сұлтанғали Айдос;
72 келі — Шермаханбет Мейіржан;
77 келі — Дилмухамбетов Асхат;
82 келі — Төлебаев Альмир;
87 келі — Қален Дияс;
130 келі — Сыздыков Әлімхан.
Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасовтың айтуынша, қазіргі таңда отандық балуандар әлемдік сынға сақадай сай.
«Әскерилер арасындағы әлем біріншілігі биылғы маусымды қорытындылайтын әлемдік турнирлердің бірі. Бұл бәсекеге танымал балуандарымызды үкілеп қосып отырмыз. Атап айтар болсам, әлем чемпионатының жүлдегерлері Мейіржан Шермаханбет пен Айдос Сұлтанғали, жастар арасындағы әлем чемпионы Исхар Құрбаев, Олимпиада қатысушысы Әлімхан Сыздықов, Азия чемпионатының жүлдегері Марина Седнева сынды спортшылар бар. Бұл жарыстан жүлделі ораларымызға сенімдімін», — дейді Дәурен Жабасов.
Еске салсақ, бұдан бұрын әлемге әйгілі балуандар Астанада бас қосатыны белгілі болды.