Қазақстандық балуандар пара дзюдодан Гран-при турнирінде қос қола медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан 1-3 сәуір күндері Түркияның Анталья қаласында пара дзюдодан өтіп жатқан Grand Prix бәсекесінде қазақстандық балуандар қос қола медаль жеңіп алды.
Фото: Пара дзюдо федерациясы
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ерғали Шамей 73 келіге дейінгі салмақта J1 санатында үздік үштікке ілікті.
Сондай-ақ Даяна Федосова 57 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша қола жүлдеге ие болды.
Фото: Пара дзюдо федерациясы
Аталмыш жарысқа Қазақстаннан барлығы 17 спортшы барды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әбиба Әбужақынованың «Үлкен дулыға» турнирінде қола жүлде алғанын жазған болатынбыз.
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).