Халықтың депозиттерін ұстайтын алғашқы он банкте барлығы бойынша көрсеткіштердің айтарлықтай өсуі байқалады.
Жылдық өсім бойынша «Береке Банк» көш бастады: мұнда жеке тұлғалардың депозиттер портфелі бірден 2,1 есеге өсіп, 430 млрд тенгеге жетті.
Өсім бойынша екінші орында Bank Freedom Finance Kazakhstan: плюс 48,5%, 459,4 млрд теңгеге дейін.
Үздік үштікті Kaspi Bank жабады: плюс 36,6%, 5,1 трлн теңгеге дейін.
Ірі екінші деңгейлі банктер арасында жылдық өсім бойынша алғашқы бестікке Еуразиялық банк (плюс 23,6%) және ForteBank (плюс 18,6%) кірді.