АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 11 наурызда Жасмин Қизатова (66 келі) әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Ол 1/8 финалда Кабо-Верде елінен келген Ивануса Перейрамен кездесті. Жекпе-жек барысында Жасмин еркін қимылдады. Қарсыласына дәл соққы беріп, ұпай санын молайтты. Төрешілер шешімімен 5:0 есебімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Алуа Балқыбекова (50 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Жайна Шекербекова (54 келі) ¼ финалға жолдама алды.
Енді ел құрамасынан Гүлсая Ержан (81 келі) тағы бір жолдаманы сарапқа салады.
Ал Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) 13 наурыз күні сербиялық Сара Милковичпен шаршы алаңға шығады.
Алдағы күндері Назым Қызайбай (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі) сынға түседі.
Ел құрамасынан Анита Адишева (52 келі) 1/16 финалда сүрінді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.