Отандастарымыз А және В тобындағы жартылай финалда семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run бәсекелерінде сынға түсті.
А тобындағы барлық сайыстың қорытындысы бойынша Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, бесінші орынға ие болды. Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай еншілеп, тоғызыншы орынға тұрақтады.
Сондай-ақ В жартылай финалында сынға түскен Диана Щедрова барлық дисциплинаның қорытындысы бойынша 1356 ұпай еншілеп, бесінші орын алды. Осылайша қазақстандық спортшылар финалға жолдама алды.
Жарыс ережесіне сәйкес әр топтан үздік тоғыз спортшы финалға шығады.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы финалдық бәсеке 20 қыркүйекте өтеді.
Еске салайық, мұның алдында Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия ойындарын жеңіспен бастағанын хабарлаған едік.