Қазақстандық бессайысшылар U19 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасының өкілдері Лев Чувашов пен Данил Богданов Литвада өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында қола медаль алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ҰОК

Спортшылар ерлер арасындағы эстафетада көзге түсті. Богданов пен Чувашов 1 410 ұпайға қол жеткізді.

Спорттық бәсекеде 1 430 жинаған Мысыр құрамасы топ жарса, 1 430 ұпай алған Чехия командасы күміс медаль жеңіп алды. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық теннисші Зарина Диастың Қытайдағы турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алғанын хабарлаған едік.